kz
LOGO_THEATRE
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Нұр-Сұлтан қаласында елорданың және шетелдің 11 үздік ұжымы қатысатын «ТЕАТР ALL Nur-Sultan theatre week» Театр фестивалі өтеді.

28 қазан мен 3 қараша аралығында театр өнерін сүйер қауымға «Астана Опера» театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрының, Ә. Мәмбетов атындағы комедия театрының, М. Горький атындағы орыс драма театрының, сондай-ақ елордалық ЖКМТ, «Жастар», «Наз», «Astana Musical», қуыршақ театрларының репертуарындағы ең үздік қойылымдар ұсынылады. Фестивальдің құрметті қонақтары Малая Броннаядағы Мәскеу драма театры және С.Образцов атындағы Мемлекеттік академиялық орталық қуыршақ театры болады.

7 күн бойы елорданың барлық театр сахналарында спектакль қойылымдары, сондай-ақ шеберлік сыныптары, заманауи және бейнелеу өнерінің көрмелері өтеді.