03 июля 20:30
Жас домбыра
тегін
"Қазақ елі" монументі
Ұлттық домбыра күні қарсаңында 3 шілдеде «Қазақ елі» монументі алдында «Жас домбыра» мерекелік шоу-концерті өтеді. Киелі домбыраны серік еткен танымал өнер адамдары: Ерлан Рысқали, Айгүл Үлкенбаева, Нұржан Тәжікенов, эстрада жұлдыздары Жұбаныш Жексенұлы, Қуандық Рахым, Ayree, Ерболат Құдайбергенов, Yenlik, Әлішер Кәрімов, Мәди Сыздықов, Маржан Арапбаева Танымал өнер адамдары: Ерлан Рысқали, Айгүл Үлкенбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Қуандық Рахым, Айри, т.б. және елордамыздағы музыка ошақтарының оқушылары сахнада бірге өнер көрсетіп, оркестр мен этно-фольклорлық ансамблдер күмбірлете күй төгіп, мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Концерт қонақтары «Қорқыт», «Тұран», «Т&Y» сынды оркестр мен этно-фольклорлық ансамблдер сүйемелдеуімен ұлы даланың аңызға айналған композиторлары – Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Адай Абыл және Байсерке, Қаратау мектептерінің күйлерін орындайтын болады. Егер шоу-концертке келе алмасаңыз, тікелей эфирде Qazaqstan телеарнасынан тамашалауға болады.
Домбыра күнінде ұлттық құндылығымыз – домбыраны бірге ұлықтайық!