Жетісу саябағы, бұрынғы Арай саябағы, 2018 жылы қайта жаңғыртылды. Бұл жерде Жетісудың көрікті жерлері мен тарихи орындары бір саябақта орналасқан. Әрине, миниатюрада. Сіз Шарын шатқалына түсіп, Тамғалы тасына қол тигізіп, Жетісу өзендерін тамашалап, әйгілі Алматы апортын көре аласыз. Сондай-ақ, саябақта ұзындығы 1,5 км болатын субұрқақ пен велосипед жолы, жүгіру жолдары, спорт нысандары мен ойын алаңдары бар.